Металлургтер күніне арналған ERG компаниясы арасындағы спорттық турнир

19.07.2024

Бүгін Металлургтер күні қарсаңында Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының қызметкерлері арасында спорттық жарыс өтті. Кәсіпорын табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші және әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, ЕRG толық интеграцияланған энергетикалық, көлік және маркетингтік операцияларды жүзеге асырады. Топ төрт құрлықтағы 20 елде ұсынылған және осы саладағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады.

Спорттық турнир асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, садақ ату, арқан тартыс, сурет салу және йога бойынша өтті. Оған 100-ден астам қызметкер қатысты.

Барша металлургтерді мерекелерімен құттықтаймыз!

 

Бөлісу: