Жаңалықтар
«АСТАНА» ОЛИМПИЯДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ III ЖАСӨСПІРІМДЕР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
20.10.2025
«АСТАНА» ОЛИМПИЯДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ III ЖАСӨСПІРІМДЕР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
22–31 қазан аралығында Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында III Жасөспірімдер Азия ойындары өтеді. Бұл халықаралық жарыстарға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары қатысады.
Аталған ойындарда еліміздің намысын орталықтың 48 спортшысы мен бапкерлер құрамы қорғайды. Жас атлеттер келесі спорт түрлерінде бақтарын сынайды:
• жеңіл атлетика — 23 спортшы,
• тас жол велоспорты — 8 спортшы,
• триатлон — 5 спортшы.
Жасөспірімдер Азия ойындары — бүкіл құрлықтың ең үздік жас спортшыларын жинайтын маңызды дода. Биылғы жылы жарысқа 45 елдің өкілдері қатысатынын растады. Бұл бәсеке жас спортшылар үшін ересектер арасындағы халықаралық сайыстарға, оның ішінде Азия ойындары мен Олимпиадаға дайындықтың маңызды кезеңі болмақ.
Спортшыларымызға сәттілік, жігер және жеңіс тілейміз!