Жаңалықтар
ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ЖАРЫСЫНДА «АСТАНА» ОДО СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ
21.05.2025
ТАШКЕНТТЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ЖАРЫСЫНДА «АСТАНА» ОДО СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ
2025 жылдың мамыр айында Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан жоғары деңгейдегі халықаралық жарыс – «UNG Meeting World Athletics Continental Tour Bronze» турнирі өз мәресіне жетті. Бұл дода жеңіл атлетика әлемінің күнтізбесіне енген беделді жарыстардың бірі болып саналады.
Турнир World Athletics Continental Tour сериясы аясында өткізіліп, онда әртүрлі елдерден келген спортшылар өзара бақ сынасты.
Жарысқа Қазақстанның бірнеше өңірінен келген үздік атлеттер қатысты. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті.
- Александра Залюбовская – 400 метр қашықтықта алтын медаль иеленіп, өзінің жоғары спорттық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
- Виктория Сукачева – 800 метрлік қашықтықта қарсыластарының бәрінен озып, жарыстың жеңімпазы атанды.
- Кристина Ермола – 100 метр қашықтықтағы кедергілермен жүгіру сайысында үшінші орын алып, қола медальді қанжығасына байлады.
Бұл нәтижелер Қазақстан жеңіл атлетикасының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. «Астана» ОДО бапкерлері мен спортшыларының тынымсыз еңбегі халықаралық аренада өз жемісін беруде.