Жаңалықтар
«ЕҢБЕК АТЛЕТІ – 2025» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
«ЕҢБЕК АТЛЕТІ – 2025» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
2025 жылғы 8 қазан күні елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде ауқымды спорттық шара — «Еңбек Атлеті – 2025» спартакиядасы басталды.
Іс-шараны QAZAQMETAL салалық кәсіподағы ERG компаниясының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Спартакиада Жұмысшы мамандықтары жылы мен Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына орай өткізіліп отыр.
Сайысқа өндіріс саласының еңбеккерлері қатысып, мини-футбол, асық ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық әрі классикалық спорт түрлерінен өзара бақ сынауда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл спорттық дода тек жарыс қана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау, жұмысшылар арасындағы ынтымақтастықты арттыру және ұжымдық рухты нығайту мақсатын көздейді.
Спорт — денсаулықтың кепілі, рухтың қуаты, ұжымдық бірліктің нышаны!