Суда жүзуден жарыс өтеді

15.05.2024

Мамыр айының 19-жұлдызында балалар арасында суда жүзуден жарыс өтеді. Таңғы сағат 08:00-де сайысқа дайындық, 08:45-те ашылу салтанаты өтіп, 09:00-де жарыс басталады.

Талап бойынша 2012 жылы туған және одан үлкен балалар 800 метр, яғни 10 рет айналым жасаулары қажет. 2013-2015 жылы туғандар үшін 400 метр, 2016 жылы туған және одан кіші балалар 2 айналым яғни 200 метр жүзіп өтеді.

Қарсылас шақ келтірмей, үздік атанған спортшылар диплом, медальдармен марапатталады.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 70-71-52 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: