Велосипед спортынан Қазақстан Республикасы Чемпионатының салтанатты ашылуы

06.04.2022

Бүгін Халықаралық спорт күнінде тректегі велосипед спортынан Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылуы рәсімі өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, «Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығы» директордың спорт жөніндегі орынбасары Аслан Жаксыбеков, «Қазақстан велосипед спорты федерациясының» спорт директоры Даулет Сапажанов, Қазақстан Республикасы чемпионатының бас төрешісі, Қарағанды БЖСМ директоры, Атлантадағы Олимпиада ойындарының қатысушысы Алла Василенко қатысты.

Бөлісу: