«АСТАНА» ОДО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

07.10.2025

«АСТАНА» ОДО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

Бүгін, 7 қазан күні, «Астана» Олимпиадалық дайарлау орталығының қызметкерлері үшін жоспарлы жыл сайынғы электр қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — еңбекті қорғау деңгейін арттыру және электр жабдықтарымен жұмыс кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу.

Дәріс барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:

·         электр тогының адам ағзасына әсері;

·         авариялық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет тәртібі;

·         жеке қорғаныс құралдарын қолдану ережелері;

·         қауіпсіздік техникасының негізгі нормалары мен талаптары.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға, өндірістік жарақаттардың алдын алуға және мекемеде қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бөлісу: