ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫ

26.03.2025

Қазіргі уақытта Қырғызстан Республикасының Бостері ауылында жеңіл атлетикадан XXVI Азия чемпионатына, VI Азия чемпионатына (U18) дайындық бойынша оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы Арзамасов С.А. жетекшілік ететін 21 спортшы физикалық дағдыларын арттырып, алда болатын маңызды сайыстарға мықтап дайындалуда.

Жаттығу жиыны 28 наурызға дейін жалғасады. Спортшыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: