ГУЛИСТОН ҚАЛАСЫНДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

14.10.2025

ГУЛИСТОН ҚАЛАСЫНДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

2025 жылғы 10–27 қазан аралығында Тәжікстан Республикасының Гулистон қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатына және жастар арасындағы Азия ойындарына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

Аталған жиынға Қазақстан Республикасының атынан «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары мен аға жаттықтырушы қатысуда. Команданы аға жаттықтырушы Арзамасов С.А. бастап барды.

Оқу-жаттығу жиынына қатысушылар тізімі:

  1. Васильева Карина
  2. Егізбай Шерхан
  3. Егізбай Жарылқасын
  4. Құралбай Ақбілек
  5. Асетханұлы Дархан
  6. Әлібек Рамазан
  7. Гладилов Глеб
  8. Хайбулина Диляра
Жиын барысында спортшылар алдағы халықаралық жарыстарға тыңғылықты дайындалып, жеке және командалық көрсеткіштерін жақсартуға күш салуда. Спортшыларымызға сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!

Бөлісу: