ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ КӨПСАЙЫСЫНАН ЧЕМПИОНАТ ӨТЕДІ

26.09.2025

АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ КӨПСАЙЫСЫНАН ЧЕМПИОНАТ ӨТЕДІ

27–28 қыркүйек күндері «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде Қазақстан Республикасының функционалдық көпсайысы чемпионаты өтеді. Байқау сағат 9:00-де басталады.

Бұл спорттық шара еліміздің үздік атлеттері мен белсенді өмір салтын ұстанушыларды біріктіреді. Қатысушыларды күш, төзімділік және үйлесімділікті талап ететін сынақтар күтіп тұр — заманауи функционалдық көпсайысқа тән барлық элементтер.

Қатысушыларды қолдауға және шынайы спорт атмосферасынан шабыт алуға шақырамыз!

Бөлісу: