ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

АСТАНАДА КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН «СПОРТ – ӨНЕР» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

13.12.2024

Құрметті қонақтар! Ертең, сағат 14:00-де «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде көркем гимнастикадан «Спорт – өнер» атты IV Ашық фестиваль өтеді.

Жыл соңындағы жарқын іс-шарада әртүрлі қалалар мен мектептерден жиналған 300-ге жуық гимнастшы қыз өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетпек.

Фестиваль барысында еліміздің дарынды суретшілері мен Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері өз шығармашылықтарын арнайы көрме арқылы ұсынады.

Гимнастшылардың өнері Астана Опера кәсіби әншілерінің жанды дауыстағы сүйемелдеуімен өтеді. Қонақтар үшін Аяз ата мен Ақша қардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Кіру тегін!

Жаңажыл қарсаңындағы осынау ғажайып фестивальді жіберіп алмаңыздар! Баршаңызды асыға күтеміз!

Бөлісу: