Астанада ірі әлемдік World Athletics Indoor Tour сериясының туры өтті

24.01.2023

«QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде World Indoor Athletics Tour Astana Meeting туры ағымдағы жылдың 23 қаңтарында өтті.

Жыл сайынғы жабық ғимараттағы жеңіл атлетика жарыстарының сериясы болып табылатын World ATHLETICS INDOOR TOUR 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Жабық ғимаратта өтетін жеңіл атлетиканың беделін одан әрі арттыру үшін жоғарыда аталған тур Гауһар лигасының үлгісімен жасалған. Оның бағдарламасына жеңіл атлетиканың 9 түрі бойынша жарыстар енгізілген.

Әлемдік турға, отандық спортшылармен қатар, бірқатар шет елдерінің 30-ға жуық спортшылары қатысты, соның ішінде АҚШтың, Португалияның, Бразилияның, Эфиопияның, Марокконың, Кубаның, т.б. елдердің.

Бөлісу: