Жаңалықтар
АСТАНАДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚР КУБОГІ МЕН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
17.01.2025
Бүгін «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Кубогі мен 2008-2009 жылдары туған ұл-қыздар арасында ҚР чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеде 640 спортшы бағын сынауда, оның 396-сы ересектер болса, 244-і - ҚР Кубогінің қатысушылары.
Бұл іс-шара 25 қаңтарда өтетін Astana INDOOR MEET for prizes Amin Tuyakov World Athletics Indoor Tour Gold Level сайысы алдындағы дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады. Дүбірлі додада әлемнің үздік спортшылары – Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшыларының басы қосылады. Жалпы айтқанда, ҚР Кубогі мен чемпионаты – бұл үлкен спорттық іс-шара алдындағы қызу дайындық. Сәттілік тілейміз!