ДЖИДДА ҚАЛАСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

05.12.2025
ДЖИДДА ҚАЛАСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

5–6 желтоқсан күндері Сауд Арабиясы Корольдігінің Джидда қаласында триатлоннан жасөспірімдер арасындағы (U17, U15) Азия чемпионаты өтуде. Аталған жарысқа 21 елден келген 96 спортшы қатысып, бақ сынауда.

Азия чемпионатында «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығынан 6 жас спортшы ел намысын қорғауда. Атап айтсақ:
1. Нурмухамет Алұа
2. Шнейдер Калерия
3. Шевченко Арсений
4. Мұрат Әльхам
5. Шевнин Матвей
6. Сейтбек Ералы
Жас триатлоншыларды жарысқа аға жаттықтырушы Аубакиров М.Т. бастап барған.

Чемпионат барысында қазақстандық спортшылар өз мүмкіндіктерін көрсетіп, халықаралық деңгейдегі тәжірибелерін арттыра түседі деп күтілуде. Жас спортшыларға жарқын жеңіс тілейміз!

Бөлісу: