ТАШКЕНТТЕ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТЕДІ

15.08.2025

ТАШКЕНТТЕ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТЕДІ.

2025 жылдың 16-17 тамызы аралығында Өзбекстан Республикасының астанасы — Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан «Silk Road» Continental Tour Bronze Level халықаралық жарысы өтуде. Аталған додада Қазақстан намысын «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары қорғайды.

Жарысқа орталықтың білікті жаттықтырушылары Т.А. Назарова мен А.С. Степанковскийдің жетекшілігімен келесі спортшылар қатысып жатыр:
1. Залюбовская Александра
2. Ермола Кристина
3. Трофименко Диана
4. Цвиркунова Анастасия
5. Конищева Ирина

Бұл халықаралық дода – спортшылар үшін өз шеберліктерін көрсетіп, тәжірибе жинақтауға үлкен мүмкіндік. Ел намысын абыроймен қорғап жатқан спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Бөлісу: