Велосипедшілердің жаттығу жиыны Текелі қаласында өтеді

24.04.2024

Ағымдағы жылдың 20-29 сәуір аралығында Жетісу облысының Текелі қаласында "Астана" олимпиадалық даярлау орталығының велосипед спорты бөлімшесінің (жасөспірім қыздар,  тас жолы) спортшыларына арналған арнайы дене шынықтыру даярлығы бойынша оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) өтуде.

ОЖЖ негізгі мақсаттары мен міндеттері спортшылардың дене дайындығы деңгейін арттыру, жалпы және арнайы дайындықты дамыту, жүктеме қарқындылығына дайындық, тірек-қимыл аппаратын нығайту, сондай-ақ спортшылар командасымен психологиялық жұмыс істеу болып табылады.

Жаттығу жиынына 6 споршы және аға жаттықтырушы төменгі тізімде қатысады:

1. Элькина Мария

2. Удовыкина Екатерина

3. Буренкова Ангелина

4. Алина Венглинская

5. Титова Таисия

6. Әділбек Дамиля

7. Брусенская Валентина – аға жаттықтырушы.

Бөлісу: