Дүниежүзілік жүгіру күні

05.06.2024

Жүгірудің адам ағзасына тигізер пайдасы көп. Мәселен, спорттың бұл түрімен шұғылдану арқылы физикалық жағдай жақсарып, иммунитет пен көңіл-күй көтеріледі, бойға энергия сыйлайды. Деректерге сүйенсек, таңертен жүгіргенде ұйқы толықтай ашылып, сергектік пайда болады. Сонымен қатар, адамның ойлау-қабілеті жақсарады екен. Тіпті, 15 минуттық жүгірудің өзі денсаулықты нығайтуға орасан зор пайдасын келтіреді. Ал кешкі жүгіріс жұмыстан кейінгі шаршауды бастап, жақсы ұйықтауға септеседі.

Бірі білсе, бірі білмес, жаз мезгілінің алғашқы сәрсенбісі - дүниежүзілік жүгіру күні. Бұл күні марафондар ұйымдастырылып, жүгіру спорты насихатталады. Бізбен бірге жеңіл атлетика секциясына жазылып, салауатты өмір салтын сақтаңыз!

Бөлісу: