«ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ» АЙДАРЫ: ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА СПОРТ ТҮРІ БОЙЫНША

09.12.2024

2024 жыл орталықтың жеңіл атлетшілері үшін табысты болды. Ақпан айында қыз-жігіттер Тегеран қаласында, ал сәуірде Дубай қаласында өткен Азия чемпионаттарында, сонымен қатар қаңтар айында Анталиядағы, ақпанда Бакудегі және мамыр айында Өзбекстан елінің Ташкент қаласында ұйымдастырылған халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңіл атлетшілер қоржынды 52 медальмен толтырды, оның 20-сы алтын, 13-і күміс және 19-ы – қола жүлделер.

Алтын медаль келесі спортшыларда:

·         Степанковский Сергей – 1 орын (ұзындыққа секіру)

·         Конищева Ирина – 1 орын (60 м. ұзындыққа секіру)

·         Сафонова Валерия – 1 орын (үш қарғып секіру)

·         Шумило Анна – 1 орын (4*400 м. эстафета)

·         Шувалова Мария – 1 орын (4x400 м. эстафета)

·         Чистякова Алина – 1 орын (көпсайыс)

·         Попов Данил – 1 орын (4*100м. эстафета)

·         Залюбовская Александра –1 орын (400 м.), 1 орын (4*400 м. микс эстафетасы)

·         Авдеенко Екатерина – 1 орын (жетісайыс)

·         Карел П, Шумило А, Трофименко Д, Ермола К – 1 орын (4*100 м. эстафета)   

·         Конищева Ирина – 1 орын (200 м.)

·         Стороженко Маргарита – 1 орын (5000 м.)

·         Зубарева Милана – 1 орын (400 м.)

·         Малюгина Арина– 1 орын (ұзындыққа секіру)

·         Маркова Валерия – 1 орын (балға лақтыру)

·         Гончаров Богдан – 1 орын (110 м. с/б), 1 орын (4*100 м. эстафета).

·         Киденко София, Зубарева М., Сейдрахман Н. – 1 место (микс эстафетасы 4*400 м.)

·         Зубарева М., Конищева И. – 1 орын (4*100 м. эстафета)

Бұл нәтижелер – спортшылардың мықты дайындықтары мен табандылықтарының айқын дәлелі. Жеңіл атлетшілеріміздің жетістіктеріне қуанып, мақтан тұтамыз! Құттықтаймыз!

Бөлісу: