Астанада балғын велоспортшылардың үздіктері анықталуда

15.09.2018

Биыл екінші рет «Олимпиадалық үміт» жарысы жасөспірімдер арасында «Сарыарқа» республикалық велотрег кешенінде анықталып жатыр. Сайысқа 150-ге жуық бүлдіршін өтініш білдірген, ал жас категориясы бойынша 5-6 жастағы балалар қатысады. Аталмыш шараға 4 санат бойынша іріктеліп алынды. Олар мектепке дейінгі мекеменің рұқсаты, спорттық киімі және медициналық жарамдылығы,тағы қатысу туралы өтініш болса жеткілікті. «Жас буынға велоспорт түрін дамыту – салауатты өмір кепілі», – дейді ұйымдастырушылар. Гүлдана Канапиянова, велоспорт дайындау орталығының баспасөз қызметкері: – Өзінің жеңіске деген жігерлігі мен қабілетін көрсете білген жас бүлдіршіндерге біздің орталықтың және демеушілердің атынан мадақтама, түрлі сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Дереккөз: www.24.kz

Бөлісу: