Жаңалықтар
СПОРТШЫЛАРДЫ КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ
СПОРТШЫЛАРДЫ КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ
2026 жылғы 14–15 сәуір күндері Алматы қаласында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының велоспорт (шоссе) бөлімінің спортшыларына арналған кешенді тексеру бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті.
Оқу-жаттығу жиыны аға жаттықтырушы Горбачевский Вадим Николаевичтің жетекшілігімен ұйымдастырылды. Жиын барысында спортшылардың функционалдық жағдайы жан-жақты бақылаудан өткізіліп, олардың дене дайындығы деңгейіне кәсіби баға берілді. Сонымен қатар, әр спортшыға спорттық нәтижелерін арттыруға бағытталған жеке ұсынымдар әзірленді.
Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен келген спортшылар қатысты. Атап айтқанда, Астана және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан қатысушылар болды.
Жиынға қатысқан спортшылар тізімі:
- Куйтенов Мурат
- Валиев Альмир
- Полышев Кирилл
- Ивановская Ирина
- Подлужный Павел
- Қалымбеков Елназ
- Сайлаухан Ильяс
- Мұратов Ұлан
- Усенов Арман
- Бондаренко Дамир