1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі құтты болсын!

01.05.2021

Құрметті қазақстандықтар!

     Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке- 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар бейбіт өмір өмір сүріп жатқан еліміз үшін достық, түсіністік және келісімнің ең жарқын және шуақты мерекесі.

     Бірлігі жарасқан Қазақстанымызда бүгінде әрбір азамат этностық немесе діни көзқарас алуандығына қарамастан, Конституция кепілдік беретін азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық көлемде пайдалана отырып ғұмыр кешуде.

     Көктемнің осы тамаша күнінде сіздерге мерекелік көңіл — күй, денсаулық, барлық істеріңізге табыс, туған-туыстарыңызға амандық, біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасына бейбітшілік, ашық аспан тілейміз!

 

Бөлісу: