Андрей Чугайға халықаралық дәрежедегі Спорт шебері атағы берілді

15.11.2018

Бүгін велоспорттан ҚР Ұлттық чемпионатының ашылу салтанатында ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Баймұхамедұлы Қанағатов велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушісі, Швейцария елінде өткен  тректен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Андрей Чугайға халықаралық дәрежедегі Спорт шебері куәлігін табыстады. Жас велошабандоз бен бапкерлер құрамын құттықтай отыра, алдағы уақытта алар асулары биік, спортта жемісті жетістік пен еңбекте толағай табыс тілейміз!

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: