«Астана» өз алаңында «Цмоки-Минск» құрамасын жеңді

11.11.2019

«Астана» Президенттік баскетбол клубы бұл жолы да өз жанкүйерлерінің сенімін ақтап, тартысқа толы болған «Цмоки-Минск» командасына қарсы ойында жеңісті қолдан бермеді.

«Астананың» бас бапкері Эмиль Райкович:

- Турнир кестесінің алғашқы жартысына ілігуге мүмкіндік берген өте маңызды ойын болды. «Зенит» пен «Локо» құрамаларына қарсы матчтардағы сәттіліктен кейін біз босаңсуға жол бермедік және «Цмоки-Минскке» қарсы ойында жеңіске жеттік. Ойынның алғашқы жартысында жақсы өнер көрсеткенімізден, қарсылас команда агрессивті ойнай бастады. Төртінші ширекте де ойыншылар үшін психологиялық тұрғыда қиын болды, алайда біздің ойыншыларымыз табандылықтарының арқасында жеңіске жетті.

«Астана» баскетбол клубы 11 және 12 қараша күндері өз алаңында Ұлттық лиганың дебьютанттары – «Ақтөбе» баскетбол клубымен ойнайды.

Дерексөзі: http://pbcastana.kz/

Бөлісу: