Жаңалықтар
"Астана" Ригалық ВЭФ-ті қабылдайды
Ертең,15 қаңтар,елордалық баскетбол клубы ВТБ Біріккен Лига чемпионаты аясында кезекті ойынын Риганың Латвиялық «ВЭФ» клубына қарсы өткізеді.
Өткен кездесулер хроникасы:
Латвиялық баскетбол клубы 2009 жылдан бастап ВТБ Біріккен Лигасының мүшесі. Әр түрлі жылдарда команда нәтижесі, команда бапкері сияқты ауысып тұрды. ВЭФ үшін ең сәтті маусым-2012/2013. Бір жыл ішінде ВЭФ 2012,2013 жылдардағы Латвия Чемпионы атанды.Чемпиондық атақпен қатар, ригалықтар Еуропа Кубогінің ТОП-16 тізіміне кірді және оларға плей-оффқа шығуға мүмкіндік берген ВТБ Лигасының үздік командалар 8-гіне тұрақтады. Ол кезде команданы литвалық маман, «Астана» командасының экс-бапкері Рамунас Бутаутас жаттықтырған болатын. «Астанамен» жеке кездесулеріне келетін болсақ, командалар алаңда 12 рет кездескен, оның 4 ойынында «Астана» жеңіске жеткен.
Қазіргі жағдай:
Үш маусым бойы команданы латвиялық маман Янис Гайлитис басқаруда. Команда құрамы бұрынғыға қарағанда қатты өзгерді. Командадан белгілі,Латвия құрама командасының капитаны, «Астананы» 2013/2014 маусымында қорғаған,Янис Блумс шығып кетті.Команданың қазіргі капитаны-америкалық қорғаушы Алекс Перез. Ол, орташа шамамен, бір ойында 12 ұпайдан жинайды.
Турнирлық кесте:
«ВЭФ» баскетбол клубы ВТБ Лигасының турнирлық кестесінде, 1 жеңіс,8 жеңіліс нәтижесімен, соңғы орында тұр.
«Астана» БК бас бапкері Михаил Карпенко өз ойын білдірді:
-ВЭФ өз ойындарының «жазуы» бар өте мықты команда. Оларда көбінесе периметрден шабуыл, үшұпайлық лақтырыстардың көптігі, қорғаныстан шабуылға жақсы ауысу негізіне құралады. Олар турнирлық кестеде соңғы орында тұрғаны, команданың күшін көрсетпейді. Бұл командамен ойнау оңай болмайды, олар біз сияқты жағдайда, олар үшін де плей-оффқа шығуға мүмкіндік әлі бар.Біздің қазіргі мақсатымыз – алдыңғы жеңілістерді психологиялық тұрғыдан өткеру, қорғаныста жинақты әрі дұрыс ойнау және шабуылдағы ең күшті мүмкіндіктерді табу.Біз ВЭФ-ті жеңе алатынымызды білемін, бірақ ол үшін алаңға шығатын әр ойыншы 100% ойынға беріуі керек, біз осы бойынша жұмысты жаттығуларда бастап та кеттік.
Қайда?Қашан?Нешеде?
Арена: Республикалық «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: Біріккен ВТБ Лигасының сайты, «Астана» БК сайты,«QazSport» телеарнасы.
Ақпарат көзі: pbcastana.kz