«Астана» «UNICS» командасымен кездесті

15.12.2017

Мереке күндері, 17 желтоқсанда елордалық баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионаты аясында өз алаңындағы кезекті ойынын Қазандық UNICS командасына қарсы өткізеді.

Клуб туралы

1991 жылы құрылған

Жетістіктері:

2001, 2002, 2004, 2007 жылғы Ресей чемпионатының күміс жүлдегері.

2000, 2003, 2005, 2009-2011, 2013/14 Ресей чемпионатының қола жүлдегері.

Ресей кубогының 2003, 2009, 2014 жылғы жеңімпазы.

FIBA Евролигасының 2003/04 жылғы чемпионы.

2010/11 жылғы Еуропа кубогының жеңімпазы.

2013/14 жылғы Еуропа кубогының финалисті.

NEBL-2002/03 чемпионы.

ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері-2009/10, 2011/12, 2015/16.

ВТБ Бірыңғай Лигасының қола жүлдегері-2010/11.

Өткен кездесулер хроникасы:

Қазандық баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасына тоғызыншы маусымнан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде UNICS ВТБ Бірыңғай лигасының үш дүркін күміс жүлдегері атанды, сонымен қатар осы турнирдің қола жүлдесін алды. «Астанамен» жеке кездесуге келетін болсақ, командалар кортта 10 рет кездескен. Бір-ақ рет елордалық клуб 2014/2015 маусымында өз алаңында Қазандық команданы 87:67 басымдықпен жеңе алды.

Ағымдағы жағдай:

Қазандық клубтың жаттықтырушылар штабын Астананың бас бапкерінің жерлесі, грек маманы Димитрис Прифтис басқарады, айтпақшы, Флеваракис АЭК клубында бірге жұмыс істеген. Команданың көшбасшысы, Габондық орталық Стефан Ласме әр ойында орта есеппен 15 ұпай жинайды. Үшінші маусым Испания құрамасының ойыншысы Хуакин Коломның жанкүйерлерін қуанышқа бөледі, ол Қазан командасының құрамында Ресей чемпионатының және ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері атанды.

Турнир кестесі:

UNICS баскетбол клубы 6 жеңіс және 1 жеңіліспен ВТБ лигасының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Астаналық баскетболшылар екі жеңісімен 10-орынға жайғасты.

Бас бапкердің пікірі:

- Өкінішке орай, біздің жаңа ойыншы Грант бұл ойынға қатыса алмайды, бірақ қалай болғанда да ВТБ лигасы мен еурокубоктағы үздік командалардың біріне қарсы қиын ойын болмақ. UNICS-те әр позицияда, спорттық тәжірибеде және талантта ойыншылардың тамаша тізімі бар. Бізге бар күш-қуатпен ойнап, шабуылда доптың жоғалып кетуіне жол бермеу керек, сонымен қатар ойынға сенімділік беру үшін жеке және командалық қорғаныс қажет.

Қайда, қашан, қай уақытта?

Арена: Республикалық «Сарыарқа» велотрегі.

Уақыты: Астана уақыты бойынша 15.00.

Хабар: ВТБ Бірыңғай Лигасының сайты, «Астана БК» сайты, QazSport телеарнасы.

Дереккөз: pbcastana.kz

Бөлісу: