Жаңалықтар
2017 жылдың 18 желтоқсанында шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты басталады.
2017 жылғы 18-20 желтоқсан аралығында «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының конькимен сырғанау алаңында шорт-тректен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Алдағы Чемпионат болашақта ел құрамасының құрамында болып, әлемдік, Еуропалық және басқа да халықаралық шорт-трек жарыстарында Қазақстанның намысын қорғайтын мықты спортшыларды анықтайтыны сөзсіз.
Қазақстан Республикасы чемпионатының бағдарламасы:
18 желтоқсан – 1500 метр; 3000 м эстафета (алдын ала);
19 желтоқсан – 500 метр; Эстафета (3000 м финал);
20 желтоқсан – 1000 метр, суперфинал;
21 желтоқсан – Командалардың шығуы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және «Ұлттық коньки тебу федерациясы» РҚБ грамоталарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапатталады.
18 желтоқсан күні сағат 13:00-де Қазақстан Республикасы Чемпионатының ашылуы болады. Кіру барлығына тегін!
Велоспорт орталығының баспасөз қызметі