Велосипед спортынан турнирдің ашылу салтанаты өтті

17.04.2019

Бүгін «Сарыарқа» велотрегінде алғаш рет 13-16 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында велоспорт турнирінің ашылу салтанаты өтті. 

Ашылу салтанатында Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев, Велосипед спорты федерациясының бас хатшысы Тұлпар Мансұров, «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының м.а. Бекболат Байжанов қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. 

Дүбірлі додаға Алматы, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан келген 80-нен астам спортшы қатысуда. Велошабандоздар ізге түсуден жекелей және топтық сында, шығып қалудан топтық жарыста, кейринде, скретч, гит, спринт, ұпай бойынша топтық жарыста өзара бақ сынасады. 

Естеріңізге салсақ, дүбірлі дода төрт күнге созылады. Турнирдің жабылу салтанаты 20 сәуірде сағат 12:30-да өтеді. 


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 

Бөлісу: