Жаңалықтар
Қарттар күні
Нұр-Cұлтан қаласының Олимпиадалық даярлау орталығының әкімшілігі ардақты ардагерлерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Могилевский Андрей Витальевич бастаған Олимпиадалық даярлау орталығының ұжымы мереке қарсаңында қалыс қалмай, Нұр-Cұлтан қаласының 3-шi жастағы Университетiнiң әкімшісі Бақытгүл Сағызбайқызының өтінішінің оң шешім табуына қолдау көрсетті. Андрей Витальевичтің қолдауымен күміс алқалы еріктілер сапындағы зейнеткерлер үшін бассейн мен бу бөлмесінде тегін қызмет көрсетілді. Зейнеткерлер «Сарыарқа» фитнес орталығының нұсқаушыларының бақылауында болды, қариялардың өтініш-тілектері де ескерусіз қалмады.
Өмірі өнегелі, ғұмыры ғибратты қарттарымыздың мерекейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер өмірден көрген-білгендеріңіз арқылы жас ұрпаққа жол көрсетер сәулелі шамшырақсыздар. Қарттық кезең тек жасқа қана қатысты емес, сонымен бірге шексіз даналықты, баға жетпес тәжірибе мен терең ақыл-парасатты да білдіреді. Мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге денсаулық, ұзақ өмір, әулеттеріңізге ынтымақ-бірлік, бақ-береке тілейміз!
Қазыналы қарттарымыз аман болсын!