Жаңалықтар
Велотректе қала тұрғындарына арналған экскурсия өткізілді
Кеше, 12 ақпан күні @gorod24_astana ақпараттық порталының бастамасымен велосипед спортынан олипиадалық даярлау орталығының қызметкерлері біріге отырып қала тұрғындарына арнап көпфункционалды «Сарыарқа» спорт кешенінде экскурсия өткізді.
Іс-шарада шамамен 20 қатысушы болды. Экскурсияның алғысөзі ретінде Операциялық бақылау қызметінің басшысы Нурлан Жусупов Орталық қызметі туралы қысқаша мағлұмат беріп өтті. Кейін қатысушылар арасында «Сарыарқа» фитнес-орталығына тегін кіруге мүмкіндік беретін 2 адамға арналған сертификат пен Орталық логотипі бар сөмке ойнатылды.
Экскурсия барысында қатысушылар кешеннің инфрақұрылымымен танысып, атап айтқанда – жаттығу залында, бассейнде, мұз айдынында болды, сондай-ақ, көркем гимнастика, таеквондо, велоспорт және мәнерлеп сырғанау секицяларының сабақ барыстарына куә болды.
Іс-шараның соңғы нүктесі ретінде әуесқойлар (балалар және ерексектер арасында) мен кәсіби спортшылар жаттығатын трек таңдап алынған болатын. Келген қонақтар үшін велосипед спортынан ОДО жаттықтырушысы Бауржан Утегенов кәсіби велосипедтер және олардың негізгі функциялары туралы ақпарат беріп өтті. Сондай-ақ, келушілер сол велосипедтерге отырып, трек шеңберінде айналым жасауға мүмкіндік алды.
Қатысушылар мен ұйымдастырушылардың сөзінше, экскурсия қызықты әрі танымды болды.