Жаңалықтар
Велосипедті қайдан сатып алуға болады?
Алдыңғы жазбаларда велосипедті жалға алу туралы, елордалық веложолақтардың орналасу карталары жөнінде, сондай-ақ аталмыш көлік түрін қалай сауатты таңдау туралы жазған болатынбыз. Егер оқымасаңыз, келесі сілтемелерден таныса аласыз. Бұл жолы өзіңізге немесе балаңызға велосипед сатып алуға болатын велодүкендер топтамасын жасадық, Ендеше, кеттік!
1. Центр Вело.
Бұл – кез келген талғамға және табыс көлеміне сай велосипедтерді сатып алуға болатын маманданған велодүкен. Мұнда велосипедтермен қатар өте үлкен ассортиментте арнайы аксессуарлар да бар. Ал ондағы велошеберхана барлық өндірушілердің велосипедтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, диагностика жасау жұмыстарымен айналысады. Дүкенде AUTHOR, AXIS, BIANCHI, Cannondale, GIANT, Haro, Pinarello, Trek, Wilier қатарлы брендтердің өнімдері сатылымға қойылған.
Мекенжайы: Достық, 4
Телефоны: + 7 701 933 28 36
Сайт: centrvelo.kz
Инстаграм-аккаунты: @centerveloastana
2. ВелоМастер.
Бұл - жоғары сапаға кепілдік беретін, ең таңдаулы 100-ден астам велосипедтер және 1000-нан астам велотауарлар ұсынатын тағы бір велодүкен. Аталған дүкен нарықта қызмет етіп жатқанына 21-ге жуық жыл толып қалды. Жоғарыда айтқанымыздай, дүкенде велосипедке арналған қосалқы бөлшектер мен жиынтықтардың үлкен ассортименті бар. Сатылымнан бөлек, «Веломастер» жөндеу және кепілдік сервисімен жұмыс істейді.
Мекенжайы: С. Сейфуллин, 41.
Телефоны: +7 701 945 10 11
Сайт: velomaster.kz
Инстаграм-аккаунт: @velomastera
3. Limpopo.
20-жылдық тарихы бар спорт дүкені Limpopo кез келген мезгілдегі спорттың кез келген түріне арналған тауарлардың үлкен ассортименттерін біріктірген. Дүкеннің ең басты принципі –ұзақ мерзімді қолданысқа жарайтын сапалы тауарларды ұсыну. Сатылымда AUTHOR, Liv, GIANT, Momentum, Cube, CannondalePINARELLO және басқа да брендтерді таба аласыз.
Дүкенде ситибайк, гибридті, шосселік, жиналмалы, тауға арналған велосипедтерді де таңдау мүмкіндігі бар. Велоаксессуарлар мен бөлшектер өз алдына топтама.
Мекенжайы: ул. Желоқсан, 2т
Телефондары: +7 (71 72) 51 72 50, +7 (727) 261 72 65, + 7 (727) 261 70 61
Сайты: limpopo.kz; limpopo-sport.kz; zakaz@sportidea.kz
Инстаграм-аккаунт: @limpopo_outdoor
4. Спортмастер.
Өздеріңіз білетіндей, бұл - спорттық тауарлар дүкендерінің желісі. Мұнда велосипедтердің үлкен ассортименті бар: сіз өз қалауыңыз бен бюджетіңізге сай велосипед түрін сатып ала аласыз. Тұтынушы алдымен компанияның сайтына өтіп, ыңғайлы интерфейс арқылы велоипедтердің сипаттамаларын егжей-тегжейлі оқып және асықпай таңдау жасай алады.
Мекенжайлары:
Тұран, 37 ("Хан Шатыр" ОСО, 0 қабат);
Кабанбай батыр, 62 ("MEGA Silk Way");
Коргалжинское ш., 1 (KeruanCity);
Тәуелсіздік, 34 (Астана Молл);
Иманов, 19 ("Алма-ата" ІҮ);
Ш. Уалиханов, 24 ("Тұлпар", 1 этаж, 101 бутик).
Телефоны: 8 - 800 - 080 -3333 (Единая спровочная служба)
Сайт: m.sportmaster.kz
Инстаграм-аккаунт: @sportmaster_kz
5. Winner.
Winner компаниясы тұтынушыларға велосипедтер мен аксессуарлардың үлкен ассортиментін ұсынады. Дүкен жетекші өндірушілердің, сондай-ақ бюджеттік тауарлардың толық ассортиментін ұсынуды көздейді. Олардың артықшылықтары ұсынылатын қызметтердің лайықты сапасы, мамандардың құзыреті және ұсынылатын тауарлар мен қызметтерге ұзақ мерзімді кепілдіктер болып саналады.. Компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін әрдайым оқуға жіберіліп тұрады. Сондай-ақ, Winner дүкенінде веломастер барлық жұмыс түрлерін орындайды: диагностика және жалпы техникалық қызмет көрсету, дөңгелектерді жинау, жөндеу, тежегіштерді орнату және жөндеу.
Мкенжайлары: Сауран, 18;
Қабанбай батыр, 2.
Телефондары: +7 708 804 44 41;
Сайт: winners.kz
Инстаграм-аккаунт: @winner_bike_shop
6. HUBE велосипед дүкені.
HUBE спорттық тауарлар дүкендерінің желісі тиімді шарттармен кепілдік пен жоғары сапаға, сондай-ақ кәсіби кеңесшілердің әрбір клиентке жеке қызмет көрсетуін қамтамасыз етед. Сатылымнан басқа, мамандар бөлшектер мен аксессуарларды іріктеуді, орнатуды және алмастыруды жүзеге асырады. Дүкен иелерінің пікірінше, велосипедтерді ұқыпты таңдау, бүкіл Қазақстан бойынша жеткізу, 30 000 теңгеден бастап ең жақсы бағалар, 3 айға бөліп төлеу – дүкенде тиімді сауда жасау үшін лайықты себептер.
Мекенжайы: Абай, 34
Телефоны:7 707 238 47 26.
Сайт: hube.kz
Инстаграм-аккаунт: @hybekz
7. "Envy" бутигі.
Велодүкен тауарларды ең жақсы бағамен және үлкен ассортиментте сатып алуды ұсынады. Бұл компания балалар мен ересектер үшін тауарлар ұсына отырып, өз өнімдерінің ассортиментін үнемі кеңейтіп отырады. Сондай-ақ, BMX велосипедтері, жиналмалы велосипедтер, балаларға арналған үш дөңгелектівелосипедтер де бар. Каталогта танымал өндірушілердің велосипедтерінің сұранысқа ие үлгілерін оңай табасыз. Компания мамандары өз клиенттеріне велосипедті қалай сақтау керектігін және оны қалай дұрыс күту керектігін түсіндіріп те береді.
Мекенжайы: Чубары шағын ауданы, Оңдасынова 56а
Телефондары: +77017751658
+77004554360, whatsapp
+77077751658
Сайт: butikenvy.biz
Инстаграм-аккаунт: @butik_envy
Бұл топтаманың Сізге пайдалы болғанына сенімдіміз! Бәріңізге спорт