Астана күніне құттықтау сөздер мен тілектер!

05.07.2019

Құрметті қазақстандықтар!

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығы» (РМҚК) ұжымы сіздерді мемлекеттік мереке – астана күнімен шын жүректен құттықтайды!

Астана күні мерекесі жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Қазіргі таңда бұл дата Қазақстан халқы үшін тарихи-мәдени маңызы бар күнге айналып үлгерді. Нұр-Сұлтан - батыс пен шығыстың әдемі үйлесімінен тұратын бірегей қала. Сондай-ақ, елордамыз тәуелсіздігіміздің белгісі, еліміздің мақтанышы саналады. Бүгінгі таңда заманауи тенденциялар мен ұлттық құндылықтарды біріктірген сәулетті орталыққа айналды.

Осынау мереке қарсаңында Сіздерге бейбіт өмір, ашық аспан тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасы әлі де талай биік белестерді бағындыра бергей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Астана күнімен құттықтаймыз!

Бөлісу: