Жаңалықтар
Велосипедті қалай дұрыс таңдау керек?
Қазіргі таңда кез келген заманауи адамның өмірін спортсыз елестету мүмкін емес. Ол күшке арналған жаттығулар, би, йога, футбол, волейбол, күрес, көркем гимнастика және басқалары болуы мүмкін. Бірақ, әр адамның жанына жақын, өзінің мінез-құлқына сай келетін спорт түрлерін таңдағандары жөн. Өйткені, адам үшін ең бастысы спорттан жағымды әсер, жақсы көңіл-күй ала білу екендігі даусыз. Осы тұрғыда, біздің Орталық велоспорттан болашақ чемпиондарды дайындаумен кәсіби тұрғыда айналысатындықтан сіздерге велосипед спортының қыр-сырымен бөліскенді жөн санап отырмыз.
Велоспорттағы ең басты экипировка, әрине ол – велосипед. Бірақ болашақ темір тұрпарыңызды сатып алмас бұрын кейбір маңызды детальдарға көңіл бөлу керек. Олардың қатарында велосипедті тебетін жеріңіз, қаражатыңыз және сіздің бой мен салмақ өлшемдеріңіздің маңыздылығы бар. Толығырақ білгіңіз келсе, оқи түсіңіз..
Ең алғашқы назар аударарлық дүние велосипед тебетін геолокацияны анықтап алу болып табылады. Себебі әр велосипедтің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары болады. Егер сіз барлық жағдайға арналған әмбебап «көлікті» қаласаңыз – тауға арналған велосипедті ойланбай алсаңыз болады. Атауына қарамастан, мұндай велосипедтер грунтпен және асфальтпен жабылған жолдарға да икемді болып келеді. Пайдалануға барныша қолайлы болуы үшін дөңгелек тысы кең болғаны жөн (ерекже бойынша, 2”-ден басталады) және дөңгелектің диаметрі дұрыс таңдалуы керек (27.5" – әдетте бойы 175 см-ден аспайтындарға арналады, ал одан да бойшаңдар үшін 29"). Егер велосипед сізге күнделікті қажеттеліктеріңіз үшін, жұмысқа қатынауға немесе азық-түлік әкелуге пайдаланбақ ниетіңіз болса қалалық велосипедке еш нәрсе теңесе алмас. Олардың арнайы жолға арналған шиналары, жүк салғышы немесе себеті болады. Аталмыш ситибайк үшін арнайы экипировканың да қажеттілігі жоқ – қарапайым, күнделікті киіммен де еш қорықпастан кие беруге болады. Педальдардың көлеміне орай кез келген табанды аяқ киім жарай береді. Ал жылдамдық пен тұрақты кардионы қалайтындар үшін шосселік велосипедті таңдаған жөн. Аталған велосипед түрі иесіне барынша жеңіл жүріс пен максималды драйв сыйлайды, сондай-ақ денсаулықты нығайтып, көптеген қызықты жерлерді аз уақыттың ішінде шолып шығуға мүмкіндік береді. Алайда шоссе велосипедін сатып алар кезде сенімді велодүкендердегі кәсіби мамандармен ақылдасып, кеңесіп алған жөн. Олардың кемшін тұсы ретінде грунт төселген жолмен жүре алмауын айтуға болатын шығар. Бірақ, дәл осы кемшілікті кросстық және гибридтік велосипедтер толықтай ақтай алады. Бұл темір тұлпарлар орман, саябақ, жазық жерлердегі кез келген қашықтықты бағындаруға қауқарлы болып келеді. Оның үстіне сіз аз күш жұмсап, көп жолды артқа қалдыра аласыз. Ал драйвсүйерлер BMX, стрит, дерттік велосипедтерге қарайлағандары жөн. Бұл жерде жоғарыда аталып кеткен нұсқалардағыдай жылдамдық аса маңызды емес. Еркшелігі де сол – осы қатарлы велосипедтер қозғалыс үстіндегі қиын трюктерді жасауға мүмкіндік береді.
Байк таңдау кезіндегі келесі маңызды фактор - қаражат мөлшері. Әрине, сапалы дүниелердің бағасы сәйкесінше қымбат болатыны айқын. Сонымен қатар, «көлігіңіз» қаншалықты қымбат болса, оның машақаты соншалықты аз болады.
Соңғы және тағы бір релевантты нәрсе - жақтаудың көлемі. Өйткені, әр адамның дене бітімі әртүрлі болады. Сол үшін де әрқайсымыз автокөліктің орындығын әрқалай баптаймыз, әр түрлі өлшемді киім киеміз. Велосипед үшін де бұл сандар өте маңызды. Түсінікті болу үшін назарларыңызға арнайы кестені қалдырамыз. Онда велосипед кезіндегі дене пропорцияларына қатысты барынша жуық өлшемдер көрсетілген.
Егер осы мақаланы соңына дейін оқып шықсаңыз, Сіз велосипед таңдаудағы ең қажетті ақпараттармен таныс болдыңыз деп айтуға толық негіз бар. Келесі жолы, елордада екі дөңгелекті көлікті қай жерлерден алуға болады деген сұраққа жауап іздейтін боламыз. Сау болыңыз!
Дереккөздері:
