Қазақстан Катар құрама командасын 2019 Әлем Чемпионатында жеңді.

26.02.2018

Баскетбол бойынша 2019 Әлем Чемпионатының квалификалық раундындағы Катар құрама командасына қарсы ойын Қазақстан құрама командасының жеңісімен аяқталды.Ойын Астана қаласының «Сарыарқа» Велотрегі аренасында өтті.

Матчтың бірінші жартысы шиеленіскен жағдайда өтті, құрамалар бір-бірінің арқасына демалып, ешкім жол бергісі келмеді. Бірақ кішкене демалыстан кейін паркет иелері қарсыласын үстіне алып, өзін және жанкүйерлерін нақты үш ұпайлық лақтырыстармен қуантты.Кездесу Қазақстан құрама командасының пайдасына 96:63 есебімен аяқталды.

Матчтың ең мықты ойыншылары болып еншісінде 22 ұпайы болған команда капитаны Рустам Ергали, 19 ұпайы бар Александр Жигулин, 14 ұпайы бар Вадим Щербак атанды.

Баскетбол бойынша ҚР құрама командасының бас жаттықтырушысының орынбасары Михаил Карпенко:

«Біріншіден, біздің барлық жанкүйерлерімізді құттықтағым келеді, бұл бізге екінші кезеңге өтуге мүмкіндік беретін үлкен жеңіс.Ойын, айта кетейін, өте әдемі өтті. Матчтың бірінші жартысында біз өз-өзімізбен күрестік. Жоғалтулардың көп санын істегендіктен, қарсыластар ойын бойы біздің есепке жақындап отырды. Сондықтан, ойын тура болды деп айтуға болады. Бірақ, біз өзіміздің бойымыздан бұл жағдайды дұрыстауға күш-қуат таптық, ойынның екінші жартысында аз қателестік, доғадан, периметрден жақсы түстік және өзіміздің сызығымызды майыстырып, жақсы қорғандық. Қорытындысы жақсы аяқталды. Біз ойынды сеніммен аяқтадық. Тағы да бір рет барлық команданы, жанкүйелерімізді жеңіспен құттықтаймын.»

Қазақстандықтар үшін келесі кезең жазда өтеді. Қазақстан құрама командасы сырт алаңдағы ойында Иран және Ирак құрамаларына қарсы ойнайды.

Ақпарат көзі: pbcastana.kz

Бөлісу: