Қазақстан жұлдыздары Мәдениет және спорт министрінің жолдамасын қабыл алды

25.04.2018

Қайрат Нұртас, Серік Сәпиев және Әділ Ахметов өздерінің өнерлерін көрсетті

Шоу-бизнес, кино және спорт жұлдыздары Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Street Workout KZ» акциясына қатысты.

Бұл челлендждің мақсаты – бұқаралық спортты Қазақстанда тарату. Street Workout – бұл көшедегі бұқаралық спорттың қарқынды дамып келе жатқан түрі болып табылады. Арнайы техниканы талап етпейді: барлығы қарапайым, ол үшін көшедегі турниктер мен арқандар да жеткілікті.

Жобаның негізгі мән-мағынасы – конкурстың жеңімпазы атанған аймақ Street Workout-пен айналысатын жаңа алаңға ие болады. Ол үшін байқаудың шарттарын орындау қажет. Байқау шарттары да өте қарапайым. Бар болғаны  қазақстандықтар өздерінің жаттығып жатқан  бейнеклиптерін желілерде бөліссе жеткілікті. Байқаудың шарттарымен  толығырақ  Challenge Street Workout  KZ веб-сайтынан біле аласыздар.

Арыстанбек Мұхамедиұлы жобаны өзі бастап, «Street Workout KZ» байқауын Олимпиада чемпионы- Серік Сәпиевке, әнші Қайрат Нұртасқа және танымал қазақстандық актер Әділ Ахметовке жолдады.

https://www.youtube.com/watch?v=DSe9B5ME_TQ&t=14s

«Challenge Street Workout KZ» жобасын бастап  алғашқы қатысушылар «Алға, Қазақстан, Жаса, Қазақстан!» деп қазақстандықтарға үндеу тастады.

Байқауға қатысып жүлделі болуға асығыңыз! Бейнелеріңізді Street Workout-тың арнайы алаңында жасау міндетті емес, кез-келген өзіңізге ыңғайлы жерден түсіріпбізге жолдаңыз! Бейнені әуесқой немесе  тұрақты камера телефонына да түсіруге болады.

Бйқау 10 маусымға дейін өткізіледі, ал 15 маусым күні қорытындысы жарияланатын болады.

Сонымен қатар, бейнетаспаны «Challenge Street Workout KZ» жобасының сайтында орналастыруға болады.

Бөлісу: