Қазақстандықтар Кореядағы Ұлттар Кубогы жарысына қатысады

30.08.2018

Қазақстан құрамасы 2018 жылдың 31 тамызы мен 4 қыркүйегі аралығында Корея елінде өтетін Ұлттар Кубогы - 2018 халықаралық жарысына қатысатын болады.

Жасөспірімдер арасындағы велоспорт (тас жолы) жарысында еліміздің намысын Глеб Брусенский, Евгений Федоров, Даниил Пронский, Нұрберген Нұрлыхасым, Болат Ниязов, Максим Попугаев сынды спортшыларымыз қорғайды. Тартысты додада спортшыларымызға бапкер В.Н.Горбачевский, механик Д.А.Тупченко қолдау көрсетпек. 

Спортшыларымызға алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс, жемісті жетістік тілейміз. Еліміздің көк байрағы желбіресін демекпіз! 

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: