Жаңалықтар
Қазақстандықтар түрлі әлем елдеріндегі жарыстарға қатысуда
2018 жылдың 1-26 шілде аралығында Қазақстан құрамасы велосипед спорты бойынша оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық жарыстарға қатыспақ ниетте. Жастар құрамы, жасөспірімдер командасы Италия, Германия, Вьетнам елдерінде және Ресей дің Оренбург қаласында өтетін жарыстарда бақ сынайды.
Халықаралық жарыстарда еліміздің намысын келесідей спортшылар қорғамақ:
- трек-темптен жастар құрамы: И.Штейн, Г.Азен (жаттықтырушы Ю.Юда);
- қыздар командасы: У.Сухоребрик, М.Чичева, А.Ненина, О.Березина, Д.Өтебаева, (механик А.Стрелецкий, жаттықтырушы Н.Кулимбетов);
- ұлдар командасы: Б.Жапарұлы, Д.Бондаренко, А.Бетц, К.Жаңбыршы, А.Ресхе, Е.Стрельников (механик С.Осипов, жаттықтырушы В.Коннов).
Алдағы уақытта Қазақстан құрамасына жемісті жетістік және халықаралық ареналарда биіктен көрінуіне тілектеспіз!
«Велосипед спортынан олимпиадалық
даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі