Қазақстан құрама командасы Чебоксары қ. жарыста жеңіске жетті

19.07.2018

Ағымдағы жылдың 1-18 шілде аралығында Ресей елінің Чебоксары қаласында велосипед спорты бойынша өткен оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық жарыстар өз мәресіне жетті.

Осыған орай жасөспірімдер арасында өткен Жалпыресейлік жарысында еліміздің намысын қорғаған спортшыларымыз кросс-кантриден жеңімпаз атанды.

Олар: 1 орынды Евгений Федоров, 2 орынды Тимур Әлиқұлов, 3 орынды Болат Ниязов қанжығасына байлады. Шара барысында жеңімпаздар Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері Ирина Калентьеваның сыйлығына ие болды.

Барша жеңімпаз спортшыларды жүлделерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асулары биік болсын және спортта жемісті жетістік тілейміз! 

«Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: