Жаңалықтар
Орталық қызметкерлері Тұңғыш Президент күніне орай марапатқа ие болды
2019 жылдың 29 қарашасында ҚР спорт және мәдениет Министрлігінің мәжіліс залында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай салтанатты марапаттау жиыны өтті. «Nur-Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы Төрағасының орынбасары Е. Каналимов атынан мәдениет және спорт саласының мамандарына алғыс хаттар табысталды.
ҚР Тұңғыш Президенті стратегиялық жоспарларын іске асырудағы еңбектері мен еңселі Елорданы дамытуға қосқан үлестері үшін берілген марапаттан велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығының қызметкерлері де шет қалмады.
Олардың қатарында спорттық-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Сағдат Әлімханұлы, ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Максим Замирджонович, кадрлар жөніндегі инспектор Гүлназ Ерікқызы, іргелес аумақты бақылау инспекторы Батыржан Тайжанұлы болды.
Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, еңбекте толағай табыстар тілейміз!