Спортшымыз Омсктегі халықаралық жарыста жеңіске жетті

12.09.2018

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның жастар құрамасы 2018 жылдың 6-10 қыркүйегі аралығында Ресейдің Омск қаласында  өткен велосипед спорты бойынша халықаралық жарыста ел намысын қорғады.

Нәтижесінде қарсыластарынан оқ  бойы озып шыққан Сергей Пономарев кейриннен 1 орынды, ал сринттен 3 орынды қанжығасына байлады.

Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асуы биік болсын демекпіз. 

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

 

Бөлісу: