Біздің спортшыларымыз Азия Кубогында жеңіске жетті

29.09.2018

2018 жылдың 27-30 қыркүйегі аралығында маунтинбайктан Филиппин елінде өткен Азия кубогында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері жүлделі орыннан көрінді.

Жасөспірімдер арасындағы кросс-кантриден Болат Ниязов қарсыластарына дес бермей, алтын медальды қоржынына салды. Ал Никита Кабачек болса, қола медальға қол жеткізді.

Бапкерлер мен велошабандоздарды толымды жетістікпен құттықтаймыз. Алдағы уақытта оларға сәттілік пен жеңіс, толағай табыс тілейміз.

«Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: