Спортшыларымыз Австрия еліндегі Әлем чемпионатына қатысуда

24.09.2018

2018 жылдың 22-28 қыркүйегі аралығында  Австрия елінің Инсбрук қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері ел намысын қорғауда.

Жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) арасындағы велоспорт (тас жолы) жарысында Глеб Брусенский, Евгений Федоров, Даниил Пронский, Нұрберген Нұрлыхасым, Марина Курносова, Светлана Пащенко, Анжела Соловьева, Татьяна Богданова қарсыластарымен бақ сынасады. Байрақты бәсекеде велошабандоздар жеке және топтық ізге түсу жарысы бойынша сынға түседі.

Тартысты додада спортшыларымызға бапкерлер В.Н.Горбачевский, В.А.Брусенская, механик Д.А.Тупченко, массажист А.Медьяников қолдау көрсетпек. 

Қазақстан құрамасына алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс, жемісті жетістік тілейміз. Еліміздің көк байрағы желбіресін демекпіз! 

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығының баспасөз қызметі

Бөлісу: