Фитнес орталығы мен спорт секцияларына келудің жаңа ережелері

30.03.2021

Құрметті келушілер, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы қаулысының негізінде, 30 наурыздан бастап біздің «Сарыарқа" спорт кешенінде барлық топтық спорт секцияларының жұмысы тоқтатылатынын хабарлаймыз.

Жеке сабақтар өз кестесіне сәйкес жұмыс істейді.

Топтық сабақтарға жазылу белгісіз уақытқа тоқтатылады. Жаттығу жұмыстары қайта жанданған сәтке дейін абонементтер ұзартылатынын хабарлаймыз.

Фитнес орталығы қауіпсіз қызмет көрсету бойынша "Ashyq" пилоттық жобасының қатысушысы ретінде сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Барлық келушілерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз.

Бөлісу: