«Сарыарқа» фитнес орталығына кірудің жаңа ережелері

19.03.2021

Құрметті «Сарыарқа» фитнес орталығының келушілері! Біздің нысан «Ashyq» қауіпсіз қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаның қатысушысы болғандықтан, алдағы мереке күндері (20, 21, 23, 24 наурызда) біз әдеттегі режимде жұмыс істейтін боламыз (22 наурыз санитарлық күн).

Бірақ, біздің орталыққа кіру үшін Сіз келесі нұсқауларды орындауыңыз керек:

  • +7 708 425 16 55 номері арқылы алдын-ала жазылыңыз;
  • телефоныңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, тіркеліңіз;
  • Фитнес орталығының кіреберісіндегі "кіру"деген белгісіндегі QR кодты сканерлеңіз. Егер сіз бірінші рет сканерлесеңіз, ЖСН енгізіп, «Ок» түймесін басыңыз;
  • Сіз «Digital кіру» мәртебесін аласыз. Орталыққа кіру үшін ол «көк» немесе «жасыл» болуы керек. «Сары» (Сovid-19: байланыс) және «Қызыл» (Сovid-19: оң нәтиже) мәртебесінде сізге кіруге рұқсат етілмейді;
  • Біздің қызметкерлерге мәртебеңізді 5 минут ішінде көрсетіңіз.
  • Фитнес орталығынан шыққан кезде процесті қайталауды ұмытпаңыз, бірақ бұл жолы «шығу» белгісімен сканерлейсіз.

* Сіздің рұқсатыңызбен бұл нұсқаулықты біздің қызметкерлер орындай алады.

* Бұл қосымшасыз сіз біздің фитнес орталығымызға кіре алмайсыз.

Бұл ережелер Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Сол себепті жоғарыда көрсетілген нұсқаулықпен мұқият танысып, орындаулыңызды сұраймыз.

Бөлісу: