Жаңа дзюдо Орталығының ашылуы

02.02.2021

2 ақпан күні «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК базасында Дзюдо орталығының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Пернешұлы Қожамжаров және «Нұр-Сұлтан» ОДО» директорынының міндетін атқарушы Қыпшақбаев Мұратбек Сұлтанбекұлы қатысты.

Федерация презиентінің алғысөзінен кейін жас дзюдо шеберлері аз уақыт аралығында игерген өнерлерін көрсетеді.

Айта кетейік, «Сарыарқа» велотрегі жанындағы Дзюдо орталығы 2020 жылдың қарашасынан  жұмыс істеп келеді. Қазір онда 120-дан аса адам жаттығып жүр. Қазір дайындық жұмыстары аптасына 6 күн өтеді. 2 бапкер бар. Санитарлық талаптар қатаң сақталған.

P.S. Жапон жекпе-жегіне деген қызығушылық өте жоғары. Осыны ескерген олимпиадалық даярлау орталығының басшылығы оның ауқымын кеңейтіп, барлық қатысушыларға жайлы жағдай жасауға тырысты. Қазір негізгі залдың көлемі 410,4 шаршы метрді құрайды. Бұл бір мезетте 100 адамның емін-еркін дайындалуына мүмкіндік береді. Ал, орталықтың жалпы аумағы 721,2 шаршы метрді алып жатыр. Бұл жерге киім ауыстыратын және басқа да бөлімдер кіреді.

Бөлісу: