Велосипед спортынан ҚР Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары анықталды

19.11.2018

Бүгін «Сарыарқа» республикалық велотрегінде велоспорттан ҚР Ұлттық чемпионатының жабылу салтанаты өтті. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар велосипед спорты түрлерінен өзара бақ сынасты. Алты күндік тартысты додада жеңісті қолдан бермеген велошабандоздар жүлделі орындарды иеленді.

Шара барысында Велоспорттан Әлем Чемпионы, СССР Спорт шебері, Қазақстан велоспорт федерациясы президентінің кеңесшісі Марат Қуанбайұлы Сатыбалдиев, Олимпиада чемпионы әрі ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Александр Винокуров, Атлантадағы XXVI Олимпиада ойындарының чемпионы, Әлем чемпионаттарының жүлдегері, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Зүлфия Забирова жеңімпаздарға Грамота, аспалы медаль және ақшалай сыйлық табыстады.

Жарыс Қазақстан ұлттық құрамасының құрамын анықтауға септесті. Алдағы уақытта жеңімпаздар Азия чемпионатында ел намысын қорғайды. 

Назарларыңызға ҚР Чемпионаты жеңімпаздарының тізімін ұсынамыз. (қосымшада PDF тізімі

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: