Мәнерлеп сырғанау секциясына жазылу науқаны басталады

03.07.2019

Егер балаңыз мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын меңгеріп, мұз айдынының жұлдызы болсын десеңіз, "Сарыарқа" велотрегінде секцияға жазылу науқаны жүріп жатқанын хабарлаймыз! Жаттығу сабақтары 2019 жылдың 25 шілдесінен басталады. Аталған секцияға 4 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

Жас спортшыларға келесі қызметтер ұсынылады:

  • 1800 шаршы метр алаңы бар мұз айдыны;
  • хореография залы;
  • вестибулярлық тренажерда жаттығу залы;
  • ыңғайлы киім ауыстыру орындары;
  • қауіпсіз көлік тұрағы.

Жаттығуларды білікті тренерлер- ҚР спорт шеберлері жүргізеді.

Бағасы:

  • 1 сабақ – 5000 теңге
  • 5 сабақ – 22 000 теңге
  • 10 сабақ – 40 000 теңге

Топтық сабақтар:

  • 25 000 теңге (аптасына 3 рет)

Сізді мұз алаңда күтеміз!

Байланыс телефондары: +7 (7172) 707 191, +7 (778) 555 72 86 Ильясов Дидар.

Бөлісу: