Таеквондо секциясының тәрбиеленушісі Жалпыресейлік турнирде жеңіске жетті

23.04.2019

2019 жылдың 20-21 сәуір аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «Тхэквондо федерациясы президенті Демида Момата» Кубогының жүлдесі үшін 7-ші Жалпыресейлік турнир өтті.

Аталмыш жарыс 10-17 жас және одан үлкен жастағы қатысушыларды біріктіретін жалғыз шара мәртебесіне ие.

Байрақты бәсекеде 800-ден аса Ресей және өзге елдерден, сондай-ақ, Қазақстаннан келген жас спортшылар бақ сынасты. 

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығындағы таеквондо секциясының тәрбиеленушісі Әлішер Ақби (12-14 жас) 45 келі салмақ дәрежесінде 2 орынды қанжығасына байлады.

Ендеше, спортшыны үздік нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асуы, әрі шығар белесі көп болсын! 


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 

Бөлісу: