Жаңалықтар
БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ
1 ақпаннан 17 ақпанға дейін Өзбекстан елінің Ташморе кентінде біздің ескекшілеріміз Азия чемпионатына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиындарынан өтуде. Аталған спорттық іс-шараға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының білікті, кәсіби жаттықтырушылары жетекшілік ететін 17 спортшы қатысып жатыр.
Қатысушылар тізімі:
1. Бровкова Мария
2. Карманова Мария
3. Иванова Ульяна
4. Сурмина Ольга
5. Пережогин Надежда
6. Емельянова Алина
7. Вильгельм Валерия
8. Емельяненко Анна
9. Трапезникова Вероника
10. Шарапиев Сұлтан
11. Федотов Руслан
12. Молдабеков Давид
13. Затолокка Михаил
14. Шынқожаев Дінмұхаммед
15. Ханшиков Глеб
16. Яценко Богдан
17. Баранов Вадим
18. Барановский В.В. - жаттықтырушы
19. Станкеев М.П. – аға жаттықтырушы.
Оқу-жаттығу жиындары Азия чемпионатына дайындықтың маңызды бөлігі болып табылады. Осы арқылы ескекшілер техникаларын шыңдап, төзімділіктерін мен бәсеке қабілеттіліктерін арттырары сөзсіз. Тиісінше, спортшылар күштірек, жылдамырақ, өздеріне сенімдірек болып, жарысқа аттанады.
Ал өз ісін жетік меңгерген жаттықтырушылар ескекшілердің Азия чемпионатына жоғары нәтиже көрсетіп, биік мінбелерден көрінулері үшін аянбай тер төгерлері анық. Біз спортшыларымызға сенеміз!