Триатллоннан төрешілердің біліктілігін арттыру

17.05.2018

ITU Әлем Кубогін өткізу аясында Триатлонның Әлемдік Одағымен «Дене шынықтыру мен спорттан аналитикалық және оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК бірігу арқылы триатлон бойынша төрешілердің біліктілігін арттыру "Technicai Officials Course Template Level1" курстары ұйымдастырылды.

Аталған курстар    Қазақстан Республикасындағы триатлоннан білікті төрешілердің санын көбейтуге мүмкіндік береді. Екі күн бойы курстағы сабақтар диалог түрінде өтеді. Яғни, сұрақтар мен жауаптар, тәжірибе алмасу.

Триатлоннан спорттық төрешілердің біліктілігін арттыру курстары ағымдағы жылдың 16-17 мамырында «Сарыарқа» велотрегінің конференц-залында өтеді.

Баспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау 
орталығының велоспорт үшін

Бөлісу: