Қазақстандықтарды мемлекеттік мереке - ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтау

30.11.2018

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Тұңғыш Президент күні мерекесі - Қазақстан Республикасының жас, мықты, қуатты, әлеуеті зор мемлекет болып қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз.

Бүгінде Қазақстан тұрақты орныққан ұлтаралық келісімді, қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында өзгерістерге қол жеткізген, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті тұрақты дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық даму үрдістеріне қол жеткізді. Сондықтан Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні Ұлт Көшбасшысының халықпен бірге өркендеу мен ілгерілеу жолында бірлігін білдіреді.

1 желтоқсан Тұңғыш президент күні Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен шаттық, келісім мен бірлік, еліміздің игілігі үшін барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға табыс тілейміз. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы әрдайым гүлдене берсін!

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: